Қасым Қайсенов – көзі тірісінде аты аңызға айналған халқымыздың даңқты перзенті

 

Қасым Қайсенов – көзі тірісінде аты аңызға айналған халқымыздың даңқты перзенті.
 
Қазақстанның Халық қаһарманы, көрнекті жазушы, Отан соғысының ержүрек батыры, барлаушы Қасым Қайсенов «Богдан Хмельницкий», «Отан соғысы», «Чехословакия партизандары», Украинаның «За заслуга» ордендерімен, Кеңестер Одағының көптеген орден, медальдарымен марапатталған.
 
Сондай-ақ, Қасым Қайсенов соғыстың қиын-қыстау кезеңін, жауынгерлердің жанқиярлық ерлігін шынайы суреттеген бірнеше еңбектердің авторы.  «Жас партизандар», «Ажал аузынан», «Жау тылындағы бала», «Партизан соқпақтары» сынды еңбектері бірнеше шет тілдеріне аударылды.