Қасым Қайсенов 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Асу-Бұлақ ауылында қарапайым еңбекші отбасында дүниеге келген. 1934 жылы орта мектепті толық аяқтамай Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумына оқуға түсті. 1939 жылы оны бітірген соң әскери-барлау мектебіне жіберіледі, 1941 жылы қараша айында осы мектепті бітірген бойда, Оңтүстік-Батыс майданының штабына жөнелтіледі. Арнайы тапсырма бойынша Украинаның басқыншылар қолында қалған жеріне жіберіледі. Ол жерде Қасым Қайсенов В.И.Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядын басқарады. Молдавия, Украинаның Закарпатье бөлігі, Чехословакия және Румыния жеріндегі ұрыстарға қатысады. Әскери мұрағаттар Қасым Қайсенов туралы маңызды тарихи оқиғаларға толы. Кеңес жері фашист басқыншыларынан азат етілген соң 1945 жылдың басында Отанына оралып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы аппаратын басқарады, содан кейін Жамбыл облысының Жуалы, Свердлов аудандарында атқару комитеттері төрағаларының орынбасары ретінде жұмыс істейді.
Ардагер-партизан көп уақыт бойы «Жазушы» және «Қайнар» баспаларының редакторы, редакторының орынбасары болады. 1954 жылы Қ.Қайсенов «Жас партизандар» атты алғашқы кітабын басып шығарады. Оның батырлық-патриоттық тақырыпқа арнаған әдеби қызметі осылай басталады. Оның «Илько Витряк», «Переяслав партизандары», «Ажал аузынан», «Жау тылындағы бала», «Днепрде», «Жау тылында»...атты кітаптары оқырмандарға кеңінен танымал. Олар орыс және украин тілдеріне аударылған.
Қасым Қайсенов ІІ дәрежелі «Богдан Хмельницкий» орденімен, І және ІІ дәрежелі «Отан соғысы» екі орденімен, «Чехословакия партизандары», екі І дәрежелі «Отан соғысы партизанына» медалімен және Кеңес Одағының тағы басқа он бес медалімен, үш рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, Украин КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен және ІІ және ІІІ дәрежелі «За заслуги» орденімен марапатталған. Оған Қазақстан Халық батыры (Халық Қахарманы), «Отан» ордені, Қазақстан Жазушылар одағының Бауыржан Момышұлы атындағы сыйлығы берілген, А.Фадеев атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты.
22-05-2018 Hits:2635 Оқиғалар Super User
ШҚО-ДА ҚАСЫМ ҚАЙСЕНОВТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫ ТОЙЛАНДЫ
22-04-2018 Hits:3546 Оқиғалар Super User
2018 жылдың 23 сәуірінде Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, аты аңызға айналған Ұлы Отан...
27-06-2013 Hits:5169 Оқиғалар Super User
«Қазақтың қас батыры» Әбиш Кекілбайұлы
27-06-2013 Hits:5152 Оқиғалар Super User
Долбар оймен дау көтерме, ағайын!
27-06-2013 Hits:3874 Оқиғалар Super User
Ұланда Қасым Қайсенов есімі ұлықталуда
27-06-2013 Hits:4372 Оқиғалар Super User
Қасым Қайсенов – көзі тірісінде аты аңызға айналған халқымыздың даңқты перзенті
27-06-2013 Hits:3572 Оқиғалар Super User
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қасым Қайсенов ағамыздың өмірден озуына байланысты оның туыст...
27-06-2013 Hits:6723 Оқиғалар Super User
Алтайдан ұшқан ақиық (Белгілі партизан, Халық Қаһарманы, жауынгер-жазушы Қасым Қайсенов хақында)
27-06-2013 Hits:5345 Оқиғалар Super User
Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтың мерейтойына арналған салтанатты митинг
27-06-2013 Hits:5049 Оқиғалар Super User
Халық қаһарманы Қ.Қайсеновтің туғанына биыл - 95 жыл
27-06-2013 Hits:4453 Оқиғалар Super User
Халық қаһарманы Қ.Қайсенов туралы фильм көрерменге жол тартты
01-05-2013 Hits:7660 Оқиғалар Super User
23 сәуір – Қасым Қайсеновтың туған күні