Ұланда Қасым Қайсенов есімі ұлықталуда

 

Басқа саланы қайдам, Шығыс­тың ономастика саласын­да түйіні тарқамаған мәселе көп. Кеңестік көсемдердің есімін иелен­ген елді мекен атаулары әлі де жетерлік өңірде. Қуаныштысы сол – соңғы жылдар мұғдарында бұл бағытта алға жылжушылық аңғарылады. 


Кеңестік қызыл көсемдердің есімін де, ескерткішін де ұлықтаған осындай өңірдің бірі Ұлан ауданы-тын. Дегенмен соңғы жылдары ауданның бірнеше елді мекенін­дегі Ленин ескерткіші алынып, орнына ұлтымыздың қайраткерлерінің келіп жатқаны қуантады. Жақында осы ауданның орталығында жұрт көңілін серпілткен жа­ғым­­ды жаңалық орын алды. Аудан орта­лығы Молодежный кентіне осы ауданның тумасы, Халық қаһарманы, Ұлы Отан соғы­сының ержүрек батыры, әйгілі парти­зан, көрнекті жазушы Қасым Қайсе­нов есімі берілді. Әрине, бәрі бір күнде болған жоқ. Осы уақытқа дейін ауданның құрметті ақсақалдары аудан орталығының есімін өзгерту жөнінде бірнеше рет ұсыныс біл­дір­ген болатын. 

Тағы бір жағымды жаңалық. Жақында өткен облыстық мәслихаттың сессиясында Бесқарағай ауданындағы Семеновка ауылын – Қарабас, Сосновканы – Ерназар, Бородулиха ауданындағы Арбузное ауылын – Қарағайлы, Жармадағы Солнеч­ное­ны – Шуақ, Үржардағы Благодарное ауылын – Келдімұрат, Көкпектідегі Новоти­мофеевка ауылын Сарыбел деп қайта атау жөніндегі аудандық мәслихаттардың ше­шім­дері мен жергілікті әкімдіктердің қаулылары бекітілді. 

Сіләмғазы Нұғыманов, Ұлан ауданы әкімінің орынбасары: 

– Халықтың құжат рәсімдеуінде қиындықтар туындамас үшін барлық жағын қарастырдық. Бұл тұрғыда ешқандай мәселе туындамауы тиіс.

Автор: Азамат ҚАСЫМ, Өскемен