2018 жылдың 23 сәуірінде Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, аты аңызға айналған Ұлы Отан соғысының батыры, А. Фадеев атындағы Халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, қазақстандық жазушы, аудармашы, публицист Қасым Қайсеновтың туғанына 100 жыл толады.
Атақты Қабанбай мен Барақ батырлардың мұрагері, Қасым Қайсенов соғыс кезінде Оңтүстік-Батыс майдан штабының тапсырмасымен фашистер басып алған Украина жеріндегі жау тылына жіберіледі. 1942 жылдың жазында Қ. Қайсенов Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядын басқарып, неміс басқыншыларымен жан аямай күреседі. Молдавия, Карпаты, Чехословакия мен Румыния жерлерінде жауға қарсы күрес жүргізіп, талай ерліктер жасайды. Совет Одағының Қаһарманы атағына үш рет ұсынылған, бірақ кедергі жасаған адамдардың кесерінен Халық Қаһарманы атағы 1995 жылы ғана берілді.
Соғыстан кейін қаруын қаламға ауыстырған батыр шығармашылыққа ден қойып, отты жылдардың тарихының сақтаушысы, баяндаушысы қызметіне кірісіп, «Жас партизандар», «Илько Витряк», «Переяслав партизандары», «Ажал аузынан», «Жау тылындағы бала», «Днепрде», «Жау тылында» кітаптарды жазған. Жазушы Виктор Астафьев, соғыста басынан аяғына дейін болса да, соғыс туралы жазу қыйын, бірақ «менің соғысым» менің ойымнан, сезімімнен ешқашан кетпейді, деп айтқан. Қасым Қайсенов та бірге жаумен соғысқан жолдастарының ерлігін сақтаймын, болашақ ұрпақтарға жеткіземін деп ант берген. Ақын Мұзафар Әлімбаев Қасым Қайсеновтың кітаптарын үні өшпейтін шығармалар деп атаған. Әсет Ерназаров Сергей Азимовпен бірге жазушы туралы “Таусылмайтын махаббат” фильмді жасаған режиссер, Қасым Қайсеновты нағыз батырлардың бірі екеніне көзім жетті, дейді.
Әбіш Кекілбаев айтқандай, «асыл әкелеріміз осы өмірге Отан азаматтарының бойына ұлтжандылықты, халық қазынасын қорғау сияқты қаситеттерді сіңіру үшін келеді. Батырдың жолы өмір жолынан ұзақ та, құстың ұшар биігінен де биік, көкжиектен де алыс...».
Қазақстан жұртшылығы Қасым Қайсеновтың 100 толған мерейтойын кеңінен атап өткізеді.
Республикалық мұрағатта Халықаралық ғылыми конференция өтеді және Қасым Қайсеновтың мұрағаттық құжаттарының көрмесі дайындалады.
"Қазақ университеті" баспа үйінде "Өнегелі өмір" сериясында Қасым Қайсенов туралы кітап шығады.
Қасым Қайсеновтың мерейтойлық шығармалар жинағын басып шығару жоспарланып отыр.
Жазушының туған жерінде – Шығыс Қазақстан облысында - туғанына 100 жыл толуына орай салтанатты іс-шаралар өтеді. Мерейтойлық жылдың соңында мерейтойлық шаралар Алматы қаласында өткізіледі.